8 800 200 08 04
Қазақстан бойынша соғу тегін Сырттың елдері
 
 
 

Ең бастысына / Компания туралы

Компания туралы


«Строй Мастер Домофоны» компаниясы домофондар орнату және техникалық (сервистік) қызмет көрсетумен айналысатын ірі компаниялардың бірі. Компания нарықта 1996 жылдан бері танымал әрі Ресей мен таяу шет елдердің бір қатар ірі қалаларында: Ярославль, Нижний Новгород, Ростов - на Дону, Уфа, Архангельск, Рибинск, Саранск т.б.өз өкілдіктерін ашқан.

«Строй Мастер Домофоны» компаниясы құрылғы орнатудың барлық кезеңінде сізге қамқоршы көмекшіңіз: домофон орнатып қолға кілтін тапсырғаннан бастап белгіленген мерзім 11 жыл және одан да артыққа дейін ...

«Строй Мастер Домофоны» компаниясы, сондай-ақ басқа домофон компаниялары құрып берген немесе қараусыз қалдырған құрылғыларға да қызмет көрсете алады.

Тұтынушылар бізді домофон орнату және қызмет көрсетудегі:

- қол жетімді қызмет бағасы;
- жоғары монтаждау сапасы;
- тамаша сервистік қызмет, жөндеуге тапсырыс берілісімен тез арада шұғыл көмекке келетініміз;
- домофон жүйесіне техникалық қызмет жөніндегі келісім-шарттың қолайлығы (мәселен, үшінші біреудің заңға қайшы әрекетке барып домофонды ұрлап кетуіне жол бермейміз) үшін таңдай алады, сенім артады.

Сонымен қатар «Строй Мастер Домофоны» компаниясы қызмет көрсетудің сапасына ерекше тәсіл болумен бірге барлық күндегі жұмыс сапасына жауапкершілікпен қарайды, офис қызметкерлері өз тұтынушыларына әрқашан ілтипатты ізетпен қарым-қатынас орнатады. Әрбір тұтынушы біздің компанияның жұмыс сапасы туралы өз ұсынысы мен ескертпесін сайтта қалдыруға мүмкіншілігі бар.

Біздің компания бұл күндері заманауи «СМД» маркалы домофондарды шығарушы болып табылады. Осынау домофон маркасы мұндай типтегі жабдықтарға техникалық талаптардың барлығына жауап берумен қатар домофон жүйесінен ең алдымен талап етілетін домофон ұрлаушы вандализмге қарсы ерекшелігімен бөлек, тұрғындар да домофон маркасын таңдағанда ең әуелі осыны ескереді.

Біздің миссия:

Строй – бұл дегеніміз құрамыз, орнатамыз. Ең бастысы өз тұтынушыларымызбен ұзақ мерзімді берік қарым-қатынас құрамыз.

Мастер – бұл дегеніміз кәсібилік, шеберлік. Әрбір тұтынушыға кәсіби тұрғыдан қызмет көрсетеміз.

Домофоны – бұл қолымыздан әбден келетін әрі шебер меңгерген шаруамыз.

Строй Мастер Домофоны – сенім артуға тұратын марка мен жауапты атқарылған жұмыс сапасы.

Біздің әріптестер


Ресей жинақ банкі

Сіздің домофоныңызға көрсетілген техникалық қызмет төлемақысын Ресей жинақ банкінің кез келген өкілдігінде өтей аласыз, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет ету жүйесіне де төлеуге болады (банкоматтар мен ақпараттық төлемақы терминалдары). Ресей жинақ банкі арқылы төлеу жеңіл және қолайлы, өйткені оның бөлімшелері Сіздің қалаңыздың барлық аудандарында бар және оларға жету оңай, Ресей жинақ банкінде төлемақы төлегеніңіз үшін комиссия алынбайды.
(Төлемақы өтеу жөніндегі қосымша ақпаратты ұйымның офисінен нақтылай аламыз).

Ресей жинақ банкі



Ресей Поштасына

«Строй Мастер Домофоны» комиссиясы Ресей Поштасымен әріптестік қызмет атқарады. Өз тұтынушыларымызға қолайлы болу үшін домофондарға техникалық қызметтің төлемақысын өтеудің мүмкіндіктерін үнемі молайтып отырамыз. Өз қалаңыздағы әрбір ауданда домофон қызметінен пайдаланғаныңыз үшін төлемақысын бірнеше пошта бөлімшелері жұмыс істейді. Онда еш қиындықсыз төлеп шығасыз. Біз тек миллиондардың сенімінен шыққан, сыннан өткен әріптестерді ғана таңдаймыз.

* Ресей Поштасына техникалық қызмет төлемақысын өтеудің мүмкіншілігі туралы өз қалаңыздағы «Строй Мастер Домофоны» өкілдігінен біле аласыз.
Ресей Поштасына



Райффайзенбан

«Строй Мастер Домофоны» өз тұтынушылары мен әріптестеріне ыңғайлы болу үшін әртүрлі банктермен, олар арасында, «Райффайзенбанк» ЖАҚ бірлесіп жұмыс істейді. Аталмыш банктің кез келген бөлімшесінде өз домофонымызға техникалық қызмет көрсетудің төлемақысын өтей бересіз.

* «Райффайзенбанкке» ЖАҚ төлемақы төлеудің мүмкіншілігін өз қолымыздағы «Строй Мастер Домофоны» өкілдігінен арнайы білуге болады.
Райффайзенбан



Промсвязьбанк

Біздің компанияның қызмет түрлеріне төлемақыны «Промсвязьбанк» бөлімшелерінде де қабылдайды. Мұнда тез және жеңіл қызмет көрсетеді.

* «Промсвязьбанк» туралы өз қалаңыздағы «Строй Мастер Домофоны» өкілдігінен біле аласыз.
Промсвязьбанк



Ресейлік ауыл-шаруашылық банкі

Біз көптеген банктермен әріптестік қарым-қатынас ортасында өз тұтынушыларымызға төлемақыны өздеріне ұнайтын банкте төлеудің мүмкіндігін өз қолымыздағы «Строй Мастер Домофоны» өкілдігінен біле аласыз.

Ресейлік ауыл-шаруашылық банкі



Мәскеу өндірістік банкі

Компаниямыз өз тұтынушыларына ыңғайлы сенімді банктермен тығыз қарым-қатынасын нығайта бермек, олар қатарында «МинБ» ААҚ та бар.

* «МинБ» ААҚ туралы өз қалаңыздағы «Строй Мастер Домофоны» өкілдігінен біле аласыз.
Мәскеу өндірістік банкі



Севергазбанк

Біздің компания Ресей нарығында тектен тек көш басына шыққан жоқ. Өз жұмысымызда үнемі жаңалықтарға кеңірек жол қойсақ, соғұрлым өз тұтынушыларымыздың мақұлдауына ие болдық. «Строй Мастер Домофоны» 100 пайыздық қызмет көрсету үшін бәрін де жасап баруда. Сондықтан да мықты банктермен әріптестікті басты назарда ұстап келеміз.

Севергазбанк



Фондсервисбанк

Сіз төлемақыны өз талабыңыздағы банктермен әріптестік «Фонд сервис банк» ААҚ кез келген бөлімшесінде өтей аласыз.

Фондсервисбанк



WebMoney

Домофон қызметі үшін төлемақыны енді Интернеттің көмегімен де өтеуге әбден болады. Көптеген тұтынушыларымыздың абонеттік ақысын төлеуге қолы жете бермейді. Компаниямыз осы бір шаруаны жеңілдету үшін қызмет көрсетудің корпаративті сайтын ашып домофон қызметін пайдаланғаны үшін төлемақыны қызмет көрсетудің корпаративті Web Money интернет порталының көмегімен өтеуге мүмкіндік жасап отыр. Егер сіздің төлемақы өтеудің Web Money жүйесінде «жеке әмияныңыз» болмаса, онда мұны жүзеге асыру өте оңай, бұл үшін www.s-m-d.ru сайтынан түбегейлі нұсқаумен танысып алыңыз.

WebMoney



PayOnline System

Банкте шұбалған кезекке тұрып, әлекке түскенше үйде жатып-ақ интернет көмегімен домофонның техникалық қызметі төлемақысын өтей беріңіз. Бұл үшін «Строй Мастер Домофоны» компаниясының Visa, Master Сard, Maestro банктік карталарының көмегіне сүйенеміз. Әрине, бұл үшін біздің сайтқа тіркеліп төлемақы өтеудің нұсқаулығымен егжей-тегжейлі танысып шығыңыз. Pay Online System төлемақы қабылдау жүйесі бізге мұндай қызмет түрін өндіруге шын ықласымен көмектесуде.

PayOnline System



Яндекс.Деньги

Көптеген тұтынушылардың төлемақыны өтеуге қолы тимейтінін ескерткен ек. Жоғарғы технологиялар әлемінде интернет жұмысының көмегімен төлемақы өтеудің бір қатар мүмкіншілігіне қол жетуде «Строй Мастер Домофоны» компаниясы мұндай жаңалықтарды өз назарында ұстап өз жұмыс тәсілдеріне бастап ендіре береді: Яндекс.Деньги төлемақы жүйесінің көмегімен біздің www. s-m-d.ru сайтында. Домофондардың техникалық қызметіне тиісті төлемақыны өтей аласыз. Бұл үшін өз әмияныңызды ашу қажет. Сонда өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта біздің қызметтің ақысын оп-оңай төлеп тастайсыз. Яндекс.Деңьги тәсілін қолдану птиімді, тез әрі қауіпсіз.

Яndex.Деньги



Ростелеком

Тапсырысты тезірек бермекке біздің компанияның офисіне арнайы келудің тіптен қажеті жоқ, бұл үшін бір рет телефон қоңырауын шалыңыз, тапсырысыңыз қолма-қол қабылданады. Компания өкілдігінің кеңсесіне тікелей телефон шалуға да, тегін телефон жүйесін пайдалануға да бола береді. Осынау қызмет түрін Ростелеком ААҚ ұсынып табысты жүйеге асыруда.

Ростелеком



ЖелДорЭкспедиция

Компания өкілдіктері Ресейдің түкпір-түкпірінде орналасқан. Олар үздіксіз жұмыс істеу үшін жабдықтарды әр қалаға дер кезінде жеткеріп, бабында жұмыс істеуін қамтамасыз ету керек. Өйткені, біз жабдықтарды қысқа мерзімде орнатуға әрі оның сапасына жауаптымыз. «Жел Дор Экспедиция» компаниясы осы талаптың үдесінен шығады, сондықтан талай жылдан бері сенімді әріптесіміз.

ЖелДорЭкспедиция



Іскерлік әріптестер

Компаниямыз Ресейдің шалғайдағы қаларында өз өкілдіктерін белсенді аша бастайды. Ал оларға жабдықтарды дер кезінде жеткеріп, іркіліссіз жұмысын қамтамасыз ету үшін іскерлік байланыстарға зәруміз. Табысты жұмысты жалғастыру мақсатында компаниямыз «Іскер әріптестер» компаниясымен бірлесіп жұмыс атқаруда. Ал, бұл компанияға көптеген ірі компаниялар сенім артады. Біз де солар қатарындамыз.

Іскерлік әріптестер




Даймэкс

«Строй Мастер Домофоны» талай азулы компаниялармен тығыз қарым-қатынаста. Ал олар әр шалғайда шашырай орналасқан. Кейде жедел арада маңызды іс қағаздарын, бағалы құжаттарды немесе өз әріптесіміз бен өкілетімізге хат-хабарды жеткерудің қажеттігі туындайды «Даймэкс» компаниясы міне осы талаптарға сай сенімді, жылдам, қауіпсіз жұмыс атқаратын әріптесіміз.

Даймэкс




Инвест топтар

«Строй Мастер Домофоны» - қарқынды өсіп келе жатқан ірі компания. Оның нарықтағы тұғыры берік. Компанияға жаңа кеңсе орындарын, жабдық сақтайтын қойма іздестіруге жиі тура келеді. Бұл мәсәлені шешуде бізге «Инвест топтар» компаниясы табысты көмектесіп келеді.

Инвест топтар


© 1996 Строй Мастер Домофоны Рейтинг@Mail.ru