8 800 200 08 04
Қазақстан бойынша соғу тегін Сырттың елдері
 
 
 

Ең бастысына / Домофондар туралы ақпарат / Домофон неден тұрады?

Домофон неден тұрады?

Домофон тазалық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылғы. Сондай-ақ, ол электронды сөйлесу құрылғысы, өйткені пәтердің ішінде тұрып, сыртындағы адаммен сөйлесуге, оны кіргізуге немесе кіргізбей жіберуіне мүмкіндік береді. Шақыру блогы ереже бойынша, әрбір кіреберіс ішіне қойылады. Бұл күндері бұған көз үйреніп кетті. Алайда домофон күрделі құрылғы жүйесі. Оның құрамына шақыру панелі, электромагнитті құлып, жеткергі, «шығу» түймесі, сым жүйесі, пәтердегі абонент тұтқасы, коммутатор, қорек блогы кіреді. Домофон алдын дайындалған жаңа темір есікке немесе өңделген бұрынғы есікке орнатылады. Барлық керектіні подъездің ерекшелігін ескеріп, түгел қамту – оның тамаша жұмыс істеуінің басты кепілі.

Тапсырыс берушілер көбінесе домофонның беріктігі шақыру панеліне байланысты деп есептейді. Олар дұрыс айтады, өйткені шақыру панелі домофонның «бет айнасы». Егер әртүрлі домофондарды қарап шықсақ, онда «бет айнаның» түймешесі қисайып, шынысы сынып қалғанын аңғаруға да болады. Демек панель бұзақылардан мейлінше қорғана алмайды. Мұндайға жол бермеу үшін, вандализмге қарсы панель орнату қажет. Алайда мұны да таңдай білу керек. Әрине бұл сұрақтарға біздің тәжірибелі де сауатты маман жауап береді. Жақсы домофон қандай болуға тиіс?

Шақыру панелінің құрылғысы шағын келеді: онда микрофон, динамика, электронды ақы есептегіш, пәтер нөмірін теретін жарықтандырылған клавиатура және Proхimity немесе арнайы кілтке лайықталған санағыш орналасады. Оны металлдан немесе берік пластикадан дайындайды. «Строй Мастер Домофоны» ААҚ компаниясы ұсынатын шақыру панельдері бұзақыларға дес бермейді. Бізде бәрі де, тіпті түймешесі де металлдан дайындалады. Динамикасы бар микрофон металл тормен қоршалған. Мұның бәрі панелді бұзақылардан қорғауға мүмкіндік береді. Панель подъездің, кеңсенің, жеке үйдің кірер есігіне немесе дәл іргедегі қабырғаға орналасады.

Коммутатор - бұл құрал панельдегі шақыру сигналын пәтерге дәл жеткереді, нысананың терілген нөміріне сәйкес абонент тұтқасына сигнал барады. Көппәтерлі үйлерге арналған домофонды коммутаторсыз көзге елестету қиын. Оны бірінші қатардағы электролитке орналастырады. Телефон принципімен жұмыс істеп, оның көмегімен келген қонақ пен пәтер тұрғындары еркін сөйлесе алады.

Абонент құрылғысы – абонент пәтеріндегі тұтқа. Оның көмегімен тұрғындар пәтер, кеңсе ішінде отырып-ақ келген кісімен (оны танымаса да) не шаруамен жүргені жайында сөйлесе береді. Әр тұтқаға есікті ашатын түймеше орнатуға болады, бұл үшін есікке электромагнитті құлып орнатылуы тиіс. Біздің компания абонент құрылғыларының «Стандарт» және «Люкс» атты 2 түрін ұсынады. «Стандарт» - кәдімгі тұтқа, есік ашатын түймешесі бар. Ал «Люкс» дауысты өшіретін және жарық индикаторы орналасқан қосымша артықшылыққа ие.

Электромагнитті құлып. Біздің шеберлеріміз қолға алған домофондар электромагнитті құлыппен байланысты қамтамасыз етеді, мұндай құлып домофонның құрамдас бөлігіне жатпағанымен есікті ашуға команда береді. Жақсы домофонда міндетті түрде электромагнитті құлып болады. Магнит есікті ешбір ілгексіз-ақ берік жауып тұрады, әрі басы артық механизмдер жоқ болғандықтан тот баспайды. Біздің электромагнитті құлпымыз 300-420 кг. салмақты көтереді. Монтаждау кезінде біздің мамандар есік тұтқасын міндетті түрде алып тастайды. Әсте бұған саспаңыз, өйткені есікті жеткергі өзі жауып алады, басқаның қолынан бұл келмейді.

Есікті жабатын механизм жеткергі деп аталады. Ол гидравликалық (сұйық) ішіне май құяды, сондықтан кейде майдың себебінен кінәрат шығуы мүмкін. Мәселен, қысқы аязда май қатып яки жазғы шілдеде тым еріп кетеді дегендей. Мұның бәрі оның жұмысына кедергі. Мұндай әбігерге жол бермеу үшін «Строй Мастер Домофоны» ААҚ компаниясы температура ауытқуына төзімді жеткергі орнатады. Жеткергі ескті қолмен жапқысы келетіндерді аса жақтырмайды, қолмен көмектесе берсе, олар тез істен шығып қалып ауыстырып тұруға тура келеді.

Кіреберіс есіктен шығып кету үшін «шығу» түймешесін бассаңыз болғаны. Түймеше металл есіктің ішкі жағына орналасқан. Оның 2 түрі бар – жарық түсіретін, жарық түсірмейтін. Есік егер «шығу» түймешесін басқанда әлдебір себеппен ашылмаса, домофонды электролиттен ажыратып тастау керек, сонда есік ашылады.

Артқа


© 1996 Строй Мастер Домофоны Рейтинг@Mail.ru