8 10 800 2000 08 04
Қазақстан бойынша соғу тегін Сырттың елдері
 
 
 

Ең бастысына / Домофондар туралы ақпарат / Домофондардың негізгі түрлері.

Домофондардың негізгі түрлері.

Тұтынушылар санына қарай домофондар бірабонентті, шағынабонентті және көпабонентті болып бөлінеді. Сонымен қатар видеодомофон мен аудиодомофондарды ерекшелеуге әбден болады.

Бұлардың бәрі де назар аударуға әбден лайық, өйткені нарықта әрбірінің өз тұтынушысы табылады. Ендеше, олардың өзара айырмашылықтарына келейік.

Бірабонентті және шағынабоненті домофондар дуплексті сөйлеу құрылғысына ұқсас, абонентті шақыру панелі арқылы есікті ашуға келтіреді бұл әрине көп абонентті домофондардан әлдеқайда қарапайым. Оларды пәтердің дәлізіне, кеңсеге, қала сыртындағы үйлер мен жеке үйлердің қақпасына орнатады.

Көп абонентті домофон шағынабоненттіден көп ерекшеленбейді, бұлардың көмегімен көп қабатты үйлердің кіреберіс сыртқы есігінің арғы жағындағы тұрғындардың бәрі бірдей көріп, қадағалай алады. Әрбір абоненттің пәтерінде сөйлесу құрылғысы бар, сондықтан сыртқа шықпай-ақ келген қонағымен сөйлесе береді.

Аудиодомофондар дауыс арқылы-ақ пәтердің есігін ашып келген адаммен сөйлесе береді де мұндай бұндай домофон түрі кеңсені, жеке үйді немесе пәтерді қорғаудың қарапайым жүйесі болып табылады .

Видеодомофондар келген қонақпен сөйлесіп қана қоймай оны көруге де мүмкіндік береді. Бұған шақыру панеліне орнатылған бейнекамера мүмкіндік береді. Абонент құрылғысынан бейнені қабылдап алатын мониторлар ақ-қара түсті де, түрлі түсті де, әртүрлі көлемде бола береді. Ең қарапайым видеодомофон – шақыру панелі мен видеомонитор, алайда бірнеше бейнекамерамен, мониторлармен, шақыру панелдерімен бірден жұмыс істейтін анағұрлым күрделі моделдері де бар. Мұндай домофон неғұрлым көп аумақты қамтуға, демек бір мезгілде әлденеше мониторды қатар қосуға мүмкіндік береді.

Әрбір домофон туралы жалпы түсінікпен таныс болғаннан кейін Сіз өзіңізге ең қажетті түрін оңай таңдай аласыз.

Артқа


© 1996 Строй Мастер Домофоны Рейтинг@Mail.ru