8 800 200 08 04
Қазақстан бойынша соғу тегін Сырттың елдері
 
 
 

Ең бастысына / Домофондар туралы ақпарат / Домофон неге керек?

Домофон неге керек?

Жұмыстан шаршап қайтқанда кіреберістің жинақы да таза болуымен қатар, өз пәтеріне қауіпсіз жолмен аман-есен жетудің де маңызы зор. Сондықтан, соңғы жылдары өз үйінің тағдырына жауапкершілікпен қарайтын жандардың қатары артып келеді. Олар өз үйін бұзақылардан, ішімдікке үйірлерден, қаңғыбастардан, ұры-қарыдан қорғайтын құпиясы бар темір есік орнатқысы келеді. Айталық, кіреберістің есігі әркімде кілті бар құлыппен бекітіледі делік. Сіз қонақты дәрігерді немесе сантехникті күтіп отырасыз, ал өзіңіз ең жоғары қабатта тұрасыз. Сондықтан әр жолы есікті ашамын деп босқа шапқылайсыз. Осы тиімді ме? Әрине, жоқ.

Немесе сіздің кіреберіс есігіңізде қарапайым құпиясы бар құлып бар делік. Ерте ме, кеш пе жиі баса берілетін түймешесі өшіп қалады. Мұнан қалай құтылуға болады?

Ең қарапайым әрі арзан жолы – домофон орнату. Кіреберістегі домофон қонаққа келсеңіз де, өз кілтіңізді үйде немесе жұмыста қалдырып кетсеңіз де керек пәтеріңізде кіруге мүмкіндік береді. Ал жай құлпы бар үйдің бірінші қабатындағы көршіні есікті аш деп мазалай беру ыңғайсыздық та әбестік болар.

Сондықтан барша кілтті, құлыпты домофонға ауыстыратын мезгіл жетті. Енді домофонға зәруліктің басты себептеріне тоқталық.

Бірінші себебі. Жеке басыңыздың қауіпсіздігіне бола, ал тазалық пен жинақылық қосымша игілік. Сауатты жүргізілген домофон жабдықтарының монтажы пәтерде қалдырылған сәбидің қауіпсіздігіне де кепіл. Есікті «су құбырын жөндеушімін» яки «электрикпін» дегенге аша салатын аңғал қариялар ұры-қарыға жиі жем болады. Ата-анасын тағатсыздана күткен жас балалар да есікті аша салады. Мектептен келген бала үйіне қамалып отырғандықтан, бөтен кісіге есікті ашпа деп қанша ескерткеніңмен «әкеңнің досымын, күте тұр деп еді» деп алдартқан біреуге сеніп қалады. Егер магнитті кілтіңіз болса, онда осы үйде тұратын һақылы рұқсатыңыз. Егер есікті пәтерден ашса онда үйге кіруге рұқсат етілгені. Ал домофон сол подъезде тұратындардың бәріне және олардың туыстары мен таныстарына да қолайлы, үйді бүлдіріп немесе тонап кетеді деп қорықпайсыз.

Екінші себеп. Домофон – тазалық кепілі. Бірінші қабаттың шатырға немесе жертөлеге түнеген қаңғыбастардың дәретханасына айналғанын, өрт қоятын, жастар жиналып би билеп, музыка тыңдайтынын көріп те жүрміз. Онысы аздай «шақырылмаған қонақтар» көрінген жерді ыбырсытып қоқысын тастап кетеді, дуалдарға әрнені жазып кетеді.

Үшінші себеп. Домофон коммуналдық заттардың бүтіндігіне де кепіл бола алады. Мұны подъездегі электр лампасын ұрлап, терезені сындырып, пошта жәшіктерін, лифтті қиратып кеткенше байқай бермейміз, ойға алмаймыз Лифт істемегендіктен қарт кісіге жоғары қабатқа жаяу көтерілуі қиын, ұрттап алған жастар да тым беймаза. Қазіргі жастар домофоннан сырт жиналып өтеді, өйткені сандық техниканың жетістіктерін өте жақсы біледі.

Төртінші себеп. Домофон орнатылған үйдің терезелеріне гүл өсіріп, баспалдақтарға айна іліп қоюға болады, кіреберістегі мүндай ахуал тұрғындардың да көңіл күйін көтеріп, әл-ауқатын жақсарта түседі. Фэн шуй теориясы бойынша үйдің кіреберісі мейлінше үйлесімді болуға тиіс, өйткені ыпылас жерден матералдық байлық пен рухани тепе-теңдік тұра қашады. Ыпылас, көрінген жерде шашылып жатқан кіреберісте қайдағы үйлесім?

Бесінші себеп. Бұл күндері бағасы мен функционалдық мүмкіндігі әр қилы домофондарға қол жеткізуге әбден болады. Сондай-ақ домофондар бұзақыларды тез байқап дереу шақырту жібереді. Заманауи қорғаныс жүйесі бар үйлерде бұзылған немесе сынған шақыру панелдерін көре қоймайсыз. Өйткені автоматты режимдегі домофондар видеобақылау мен видеожазу функцияларының белсенділігімен бұзақыларды дереу үркіте алады.

Домофон орнатылған подъездердің 92 пайызы мұнтаздай таза. Сондай-ақ, 95 пайызы қаңғыбастардан, наркомандардан, ішкілікке әуес топтардан тазарып үлгерді. Ең бастысы, подъездерде жасалатын қылмыстың қатары сиреді. Домофон орнатқан тұрғындар мұның өте тиімді екенін көп айтады. Құрылғы орнатуға жұмсалған шығын тез арада «өтеледі» – қайта-қайта электр лампасын орнатып, терезе әйнегін салып, бөліп, жөндеп әлекке қалмайсыз. Домофон бүгінгі қала өмірінің шындыққа айналған бір беделі. Тіпті ескірген құрылғыларды ыңғайлы жаңа үлгіге алмастыруға құлшыныс байқалады. Құрылғы жоғарыда аталған барша талапқа сай келмегі үшін оны сауатты орнату қажет. Домофон орнатудың өз ерекшелігі бар. «Строй Мастер Домофоны» компаниясының техник мамандары орнатқан домофондар іркіліссіз және сенімді жұмыс істейтін болады.

Артқа


© 1996 Строй Мастер Домофоны Рейтинг@Mail.ru