8 800 200 08 04
Қазақстан бойынша соғу тегін Сырттың елдері
 
 
 

Ең бастысына / Домофондар туралы ақпарат / Домофонның пайда болу тарихы.

Домофонның пайда болу тарихы.

Домофон туралы алғаш «Әли баба мен қырық қарақшы» атты әйгілі ертегіде айтылады деуге толық негіз бар. Бәріміз де ғажайып жартас есігінің қарапайым ғана «Сим-Сим ашыла ғой» деген сөздің көмегімен ашылатынын тамаша білеміз. Сол заманда бұл адам сенгісіз ертегі еді! Енді құпия сөзді білетін көрінгенді қазыналы үңгірге кіргізе салатын бұл қорғану жүйесінің осал екенін жете ұғынамыз. Сондықтан қарақшылар бар байлығынан айырылып қалды.

Домофондарды ойлап табудың құпиясы өкінішке орай содан бері ұмыт қалды. Тек ХХ ғасырдың 50-жылдарында Скандинавияда яки АҚШта қайтадан еске түсірді. Түрлі ақпарат көздерінен: газет, кітап, тіпті шырмалып жатқан ғаламдық интернет беттерінен домофонның біздің өмірімізге қалай қайта оралғанын нақпа-нақ біліп алу сірә да мүмкін емес. Кеңес үкіметі кезінде домофонның пайда болуын еске түсіріңіз. Кеңестік конструкция Батыстың үлгісінен мүлдем басқа болатын. Алғашқы домофондарда «вандализмге қарсы құрылғы» мүлдем болмайтын. Өйткені, ешкім оны ойына алмайтын.

ХХ ғасырдың 80-жылдарына дейінгі кіре берістің есігі тек іштегі жылуды ұстап тұруды ғана көздегенін жақсы білеміз. Алғашқы қарадүрсін және арзан құрылғылар «Мослифт жүйесі» деп аталатын да Мәскеудің өзінде ғана кездесетін. Бірақ Мәскеулік үйлердегі кіреберіс есіктерінің бұл құрылғысы көпке шыдамады, алайда оларды пайдаланудың тарихынан қала әкімшілігі көп нәрсені үйреніп қалды. Жалғыз артықшылығы арзан бағасы болатын.

Тиісінше, домофонның өмірге қажеттігінің негізгі екі себебі – технологиялық және психологиялық саладан түсінікті бола түсті.

Психологиялық ерекшелігі. Коммуналка мен пәтерлердегі жыл сайын саны өсіп отырған тұрғындар бір нәрсені түсіне алмай-ақ қойды. Өз үйінің кіреберісіндегі құлыптың құпия нөмірін бейтаныс кісілерге айтуға немесе тақтайшаға жазып құлыпқа іліп қоюға болар ма өзі? Анығына көшсек құпия механикалық құлыптарды жиі баса бергендіктен құлыпты тот басып, тез тозатын. Сондықтан үш түймеден бірегей түзілім жасау қиын шаруа емес-ті. Механикалық құлыптарды енді ірі қалаларда ешкім қолданбайды, бірақ шалғай түкпірлерде ұшырасуы мүмкін.

Технологиялық ерекшелігі. Қала тұрғындары механикалық құлыптарды ауыстырып өз үйлерін қарапайым жүйе симплексті байланысы бар домофонмен алмастыруды ойластыра бастады. Мұндай домофондар қонақ пен пәтер иесіне бірдей жамырамай кезекпен сөйлесуге мәжбүрледі. Мұндай домофондарды отандық және көрші Қытай өндіріс орындары жарыса дайындай бастады. Бұл орайда отандық домофондардың біздің ауа-райына бейімделгенін айта кетуіміз керек. Ал шетелдік құрылғылар пайдалануға ыңғайлы әрі дизайны көркем. Қазіргі кезде домофонның қосалқы бөлшектері Оңтүстік-Шығыс Азияда көбірек жасалады. Сонымен қатар кіреберіске кілттік құрылғысы бар есіктер орнатылды, бірақ бұл ұзаққа созылмады. Кілітті құлыптардың шыдас бермеуінің себебі - оның тесігіне сұйықтықты құйып жіберіп аша салуға болатын. Осынау техникалық мәселені кілтті оптикалық жолақпен алмастыру арқылы шешті. Әрине, технологиялық прогресс бір орында тұрып қалмайды, жаңа шешімдер пайда болды. Мәселен, жаңа сандық технология пайда болысымен осы сериядағы алғашқы домофондарды Dallas Semiconduktоrs компаниясы шығара бастады. Олар 1991 жылы «таблетка» аталып кеткен кілттерді шығарудың жүйесін жолға қойды. Touch Memory деп атаған кілтті шығарған компания кейінірек өз кілтін iButton атауымен патент алды. Бұл кілттердің сыртқы пішімі диск батарейкасына ұқсайтын, тот баспайтын құралшадан жасалатын. Диск диаметрі 17 мм, қалыңдығы 3,1 мм. Оның ішінде идиентті нөмірлі 48 бинтті шақпа тас чип орналасқан. Белгіленген нөмірді өзгерту сірә мүмкін емес, өйткені 48 рязряд әлденеше жүздеген нөмірге әбден жарайды, бірін бірі қайталамайды. Мұндай кілт берік те, сенімді: судан, кірден, майдан, электромагнитті ықпалдан сірә қорықпайды. Тіпті минус 40 градус суыққа шыдас берген. Жалғыз кінәраты – жиі тазалап тұру керек.

Қазіргі кезде үйреншіктерге айналған домофон аса күрделі механизм саналады, өйткені оның құрылысында: шақыру панелі электромагнитті яки электромеханикалық кұлып, жеткерме, кабелдер, абоненттік комплект (құбырша), кілттер, тиісті материалдар баршылық. Енді ең заманауи домофондар орнатылып, олар карточка немесе Proximiry брелогы арқылы басқарылатын болды. Алыс тұрып-ақ есікті аша бересің. Бұл өте маңызды әрі керекті функция, айталық кейде үйіңізге жеткенде ауыр сумкалардан қолыңыз босамайды.

Енді видеодомофон қалай пайда болғанын еске түсірейік.

Алғаш фантастикалық фильмдерді көрдік. 80-жылдары мұндай киноны көргенде экрандағы кейіпкердің үйінде жүріп қоңырауды естісімен есікке жақындағанда оның көз алдындағы мониторда есікті кім қағып тұрғанын көретіне қайран қалушы ек. Әрі қарай сюжет бойынша кім келгенін яки баса көктеп кіргісі келгенін көріп оны қарсы алуға дайындалып тамашалайтынбыз. Қиялға сыйысқанның өмірде жүзеге асқанына куә болып та жүрміз. Енді видеодомофонды пайдалану мүмкіндігін иелендік. Домофон байлық белгісінен гөрі қажеттілікке айналды. Ең басты артықшылығы – есіктің сыртында кім келіп тұрғанын көре аламыз. Сондықтан үйде жалғыз қалған жас бала немесе тым сенгіш қариялар есікті өздері танитын кісіге ғана ашатын болды.

Видеодомофон құрылғысы: шақыру панелі есікке орнатылып ішінен, пәтер ішіндегі монитордан (бір немесе бірнеше жасырын камера) есік сыртындағының бәрін көре аласыз.

Артқа


© 1996 Строй Мастер Домофоны Рейтинг@Mail.ru